Инфрақұрылымды күтіп-ұстау жұмыстары

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері тарапынан қалалық инфрақұрылымды күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Жоспарлы іс-шаралар аясында Оқжетпес көшесі бойындағы арық экскаватор техникасының көмегімен тазартылды, сондай-ақ Дулатов көшесі бойындағы арық желісі бойымен шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге, арықтардың бітелуі мен лайлануының алдын алуға, сондай-ақ жауын-шашын кезеңінде су басу қаупін төмендетуге бағытталған.
Сонымен қатар, шөп шабу аумақтың санитарлық жағдайын сақтауға, қаланың сыртқы келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасын табатын болады.
Юридический адрес предприятия:
Республика Казахстан, город Астана, улица Жетіген, № 24
+7 (7172) 918-453 - Приемная
+7 (7172) 918-819 - Центральная диспетчерская служба
+7172 918-453 (вн.122) - Антикоррупционная комплаенс-служба
elordaecosystem@mail.ru
Наши социальные сети