Elorda Eco System қызметкерлері ерлігі үшін марапатталды
Қырағылық танытқаны, жедел әрекет еткені және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Күлдіков М.М.-ның Алғыс хаттарымен марапатталды:
Акишев Мағжан Қожахметұлы — авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының (АҚЖ) слесарі;
Ержанов Бауыржан Женгизұлы — авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының (АҚЖ) слесарі;
Абубакаров Дастан Жумабекович — жүргізуші.
Бұған дейін Құдайбердіұлы көшесі бойында күнделікті мониторинг және пайдалану жұмыстарын жүргізу барысында кәсіпорын қызметкерлері қоғамдық көліктегі өрттің куәсі болған. Олар бейжай қалмай, жедел түрде алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдаланып, өртті сөндіруге кірісіп, төтенше қызметтер келгенге дейін жалынды оқшаулауға мүмкіндік жасады.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы кәсіпорын қызметкерлерінің кәсібилігін, жауапкершілігін және батыл әрекеттерін жоғары бағалап, олардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жоғары жауапкершілігі және төтенше жағдайда көмекке дайын болғаны үшін алғыс білдіреді.