«Есіл» ауданында нөсерлі кәріз жүйесіне мониторинг жүргізілді
«Есіл» ауданының әкімі Қыдырбекұлы Дарменияр Алғатбекұлының қатысуымен Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы нөсерлі кәріз коллекторы учаскесіне көшпелі тексеру жүргізілді.
Іс-шара барысында аудан әкімі «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК авариялық-қалпына келтіру бригадаларының ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығын тексеріп, сондай-ақ телеинспекцияға арналған арнайы техниканың жұмысымен танысты.
Кәсіпорын мамандары заманауи телеинспекциялық жабдықтың жұмысын көрсетті. Аталған жабдық құбырлардың ішкі жағдайын диагностикалауға, ақауларды анықтауға және инженерлік желілердің техникалық жай-күйін жер қазу жұмыстарын жүргізбей-ақ бақылауға мүмкіндік береді.
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қаланың нөсерлі кәріз жүйесі нысандарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.