ЖАУЫН-ШАШЫН КЕЗІНДЕГІ БІР КҮНДІК ЖҰМЫС
Жауын-шашын кезінде қаладағы су бұру жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі.
Мамандар жауын-шашын кезінде күшейтілген режимде жұмыс істеп, жаңбыр қабылдағыштар мен құдықтардың жағдайын бақылауда ұстайды. Су жиналған аумақтарда жедел түрде тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Арнайы техникалардың көмегімен су бұру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, құдықтар мен коллекторларды тазалау, сондай-ақ қажет болған жағдайда гидродинамикалық шаю жұмыстары атқарылады.
Негізгі мақсат – жауын-шашын суларын кедергісіз бұруды қамтамасыз ету және қала көшелерінде судың жиналуына жол бермеу.
Кез келген ауа райында елорданың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі.