Нөсер кәріз жүйесіне қосылуға техникалық шарттарды (ТШ) алу үшін қажетті техникалық құжаттар тізімі
1. Астана қаласы әкімдігінің қаулысынан үзінді (жер учаскелерінде өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру туралы);
2. Жақын маңдағы көшелерге байланыстыра отырып жасалған ситуациялық схема;
3. Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы;
4. Жер пайдалану құқығын беру актісі (жер актісі);
5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (Жарғының/құрылтай шартының, тұрғын үй құрылыс кооперативі (ТҚК) құрылтайшыларының жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі немесе хаттамадан үзінді) (ТҚК үшін);
6. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама;
7. Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
8. Басшының жеке куәлігі;
9. Жеке тұлға (жеке кәсіпкер) үшін: жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама, жеке тұлғаның куәлігі;
10. Жобаланатын объектіден шығатын жер үсті ағын сулардың есептері;
11. Өтініш (қажетті өрістерді толтырған кезде портал арқылы автоматты түрде қалыптасады: объектінің атауы, объектінің мекенжайы, өтініш берушінің түрі, өтініш берушінің БСН/ЖСН, ұйымның атауы/Т.А.Ә., телефон, эл. пошта, заңды мекенжайы/тұрғылықты мекенжайы).
