Біздің көрсеткіштер

212 672м.п.
Жуылған коллекторлар
16 562дана
Бақылау, жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды
15 310м.
Буланған құбырлар
154 452м.п.
Арық-науа желісі тазартылды
942 460м3
Су айдалды
13 157т.
Шламды (кір мен қоқысты) шығару

Қалалық нөсер суларын жинау және тазарту жүйесінің жұмысы туралы

Қала көшелеріндегі жаңбыр мен еріген қар суларының қалай жиналып, қандай кешенді тазарту кезеңдерінен өтетіні – ең маңызды экологиялық процестердің бірі. «Елорда эко систем» ШЖҚ МКК мамандары қаланың экологиялық қауіпсіздігі мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Суды арнайы жүйелер арқылы жинаудан бастап, оны қоршаған ортаға қауіпсіз деңгейге дейін сүзгіден өткізу – үлкен жауапкершілікті қажет ететін процесс. Аталған жүйенің толық циклімен және кәсіпорын мамандарының жұмыс барысымен төмендегі бейнематериал арқылы таныса аласыздар. Арнайы әзірленген роликте суды тазартудың басынан аяғына дейінгі барлық технологиялық кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген.