Баспасөз орталығы

Қалалық нөсер суларын жинау және тазарту жүйесінің жұмысы туралы

Қала көшелеріндегі жаңбыр мен еріген қар суларының қалай жиналып, қандай кешенді тазарту кезеңдерінен өтетіні – ең маңызды экологиялық процестердің бірі. «Елорда эко систем» ШЖҚ МКК мамандары қаланың экологиялық қауіпсіздігі мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Суды арнайы жүйелер арқылы жинаудан бастап, оны қоршаған ортаға қауіпсіз деңгейге дейін сүзгіден өткізу – үлкен жауапкершілікті қажет ететін процесс. Аталған жүйенің толық циклімен және кәсіпорын мамандарының жұмыс барысымен төмендегі бейнематериал арқылы таныса аласыздар. Арнайы әзірленген роликте суды тазартудың басынан аяғына дейінгі барлық технологиялық кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген.

Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» ШЖҚ МКК Сарыарқа ауданында коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізуде

Астана қаласы әкімдігінің «Елорда эко систем» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сарыарқа ауданы аумағында нөсер кәрізі жүйесінің коллекторларын тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Аталған шаралар қалалық инженерлік коммуникациялардың өткізу қабілетін арттыруға, су бұру жүйелерінің ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көктемгі-күзгі кезеңде көшелер мен аулаішілік аумақтардың су астында қалу қаупінің алдын алуға бағытталған. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес арнайы техника мен мамандандырылған бригадалардың күшімен жүзеге асырылуда. Коммуналдық қызметтер қала тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Астана қаласының Сарыарқа ауданында арық желілерін тазалау жұмыстары жүргізілуде

Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мекемесі арық желілерін тазалау және қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда. Аталмыш шаралар қала көшелерін су басудың алдын алуға, сондай-ақ су бұру жүйелерінің кедергісіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Тазалау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «ЕЛОРДА ЭКО СИСТЕМ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Д.Б. Құлжамбеков кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын жеткізді. Қызметкерлер назарына мынадай негізгі міндеттемелер ұсынылды: Еңбек тәртібін қатаң сақтау; Жұмыс орнында болмау себептері туралы кадр бөлімін уақытылы хабардар ету; Жұмыс уақытын есепке алу табелін дұрыс жүргізу. Жұмыс уақытын есепке алу табелі нақты жұмыс істеген уақытты көрсете отырып және тиісті түрде ресімделген құжаттар негізінде ғана толтырылуы тиіс екендігі ерекше атап өтілді. Табельді дұрыс толтырмау негізсіз ақшалай төлемдерге және ауыр қаржылық бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Құрметті «Elorda Eco System» қызметкерлері мен әріптестер!

Сіздерді 10 қазан — Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🤝 Біздің кәсіподақ ұйымы әрқашан сіздердің еңбек құқықтарыңызды қорғауға және әлеуметтік қолдау көрсетуге дайын. Елордамыздың тазалығы, қауіпсіздігі және қаламыздың экожүйесін сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз! 🏙️💧 Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жұмыстарында толағай табыс тілейміз! Бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын! Сыйластықпен, «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ

ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Сарайшық ауданындағы сүзгі станцияларында тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстардың негізгі мақсаты — сүзгі жүйелерінің өткізу қабілетін арттыру, жиналған қоқыс пен шөгінділерді уақытылы тазалау және жауын-шашын кезінде су бұру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. 🔹 Сүзгі станциялары тазаланады; 🔹 Жиналған шөгінділер мен қалдықтар шығарылады; 🔹 Су өткізу жүйесінің тиімділігі тексеріледі; 🔹 Жауын-шашын кезінде су басу қаупінің алдын алу шаралары жүргізіледі. Мамандардың тұрақты профилактикалық жұмыстары — елорданың су бұру жүйесінің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуінің маңызды бөлігі.

Алматы ауданында сорғы станциясын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде

«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК мамандары Алматы ауданында сорғы станциясын реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында сорғы станциясының қолданыстағы элементтері жаңартылып, тозған бөліктері берік темір конструкциялармен ауыстырылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – нысанның техникалық жағдайын жақсарту, пайдалану қауіпсіздігін арттыру және сорғы станциясының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Астана қаласы «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы қызметкерлерді туған күндерімен құттықтады!

Мекеме ұжымы туған күн иелерін мерейлі күндерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және еңбектеріне толағай табыс тіледі. Әріптестеріміздің әр күні қуанышқа, жақсы жаңалықтарға және жарқын жетістіктерге толы болсын! Туған күндеріңіз құтты болсын! Ізгі ниетпен, «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы

Қарттар күні құтты болсын!

Құрметті аға буын өкілдері! Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, өнегелі жолдарыңыз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, береке мен бақ тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа, жүректеріңіз жылулыққа толы болсын! Сіздерге деген құрметіміз әрдайым биік! Ізгі ниетпен, «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы

БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА АРЫҚТАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері Байқоңыр ауданында арық жүйелерін күтіп ұстау және олардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында арықтарды қолмен тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс барысында арықтардағы жиналған қоқыс, топырақ, лай және басқа да бөгде заттар тазартылып, су өткізу арналары ретке келтірілуде. Аталған жұмыстар жауын-шашын кезінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге және көшелерде судың жиналуының алдын алуға бағытталған. «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК — қаланың су бұру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жолында күнделікті жұмыстарын жалғастыруда.

Сарыарқа ауданында қосалқы электрмен жабдықтау желісін жүргізу жұмыстары атқарылуда

«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК қызметкерлері Сарыарқа ауданында сүзгілеу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қосалқы электрмен жабдықтау желісін жүргізу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар нысанның үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК қайғырып көңіл айтады

«Елорда Эко Систем» ұжымы Маңғыстау облысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, барша отандастарымызға қайғырып, шын жүректен көңіл айтады. Мемлекет басшысының шешімімен бүгін, 25 қыркүйекте елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Отан алдындағы антына адал болып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің жарқын бейнесі, жанқиярлығы ел жадында мәңгі сақталады. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, марқұмдардың жақындарына, туған-туыстары мен қарулас жолдастарына рухани сабыр, бекем төзім және күш-қуат тілейміз. Сарбаздардың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. «Елорда Эко Систем» ШЖҚ МКК