Резаев Юрий Валерьевич
Бас директордың орынбасары
Өмірбаяны
Резаев Юрий Валерьевич
Резаев Юрий Валерьевич 1972 жылғы 11 шілдеде Целиноград қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» (сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау) мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы коммуналдық шаруашылық жүйесінде бастаған. Әр жылдары «Горводоканал» ШЖҚ МКК-де жұмыс істеп, кәріз желілерін бақылаушыдан кәріз учаскесінің шеберіне дейінгі еңбек жолынан өткен.
2000–2018 жылдары «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-де басшылық лауазымдарды атқарып, оның ішінде аудандық кәріз қызметтерінің бастығы қызметін атқарған.
2018–2026 жылдары аудандық кәріз қызметтерінің бастығы қызметінде болды.
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 8 мамырға дейін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК сорғы станцияларын пайдалану қызметінің басшысы болды.
2026 жылғы 8 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Инженерлік инфрақұрылымды пайдалану, өндірістік процестерді басқару және техникалық қадағалау салаларында мол тәжірибеге ие.
