Жаваров Бейбіт Болатұлы

Бас директор

Өмірбаяны

Жаваров Бейбіт Болатұлы 1989 жылы 3 сәуірде Көкшетау қаласында дүниеге келген.

Білімі

2006 ж. – Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық-Техникалық лицейді бітірді.

2010 ж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтап, гидротехник-инженер біліктілігін алды.

2012 ж. – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кәсіпорындағы экономика және басқару (салалар бойынша)» мамандығы бойынша тәмамдады.

2017 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын «Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау» бағыты бойынша үздік дипломмен аяқтады.

Еңбек тәжірибесі

2010–2013 жж. – «Қазсушар» РМК-да инженер, кейін «Солтүстікқазжерқойнауы» ММ-де бас маман-инспектор қызметін атқарды.

2013–2021 жж. – «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК-де инженер, техникалық бөлім басшысының орынбасары болды.

2021–2022 жж. – «Көкшетау су арнасы» ШЖҚ МКК өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2022 ж. – BI-Group, ТМ даму бөлімінің басшысы болды.

2022–2024 жж. – «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК техникалық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2024–2025 жж. – Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК бас директордың орынбасары қызметін атқарды.

2025 жылғы 24 ақпаннан бастап Астана қаласы әкімдігінің «ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК бас директоры қызметін атқарады.

Жеке мәліметтер

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілі – Intermediate деңгейінде.