Махметов Сайлаубек Дүйсенбекұлы
Бас директордың бірінші орынбасары
Өмірбаяны
Махметов Сайлаубек Дүйсембекұлы 1975 жылы туған.
2000 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2009 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің магистратурасын «Сумен жабдықтау және кәріз» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК инспекторы болып бастаған.
2000-2013 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК экономисі болып еңбек етті.
2014-2015 жылдары BI Croup компаниясының сыртқы желілердің бас маманы.
2015-2025 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК кәріз қызметінің шебері, учаске бастығы.
2025 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК желілерді диагностикалау бөлімінің басшысы, бас инженер.
2025 жылғы 8 желтоқсаннан - Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК бас директорының бірінші орынбасары.
