Кәсіподақ ұйымының жұмысы қорытындыланып, жаңа көшбасшы сайланды
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАҢА КӨШБАСШЫ САЙЛАНДЫ
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға кәсіпорын басшылығы, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова және кәсіподақ мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
✅ 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру;
✅ Кәсіподақ төрағасын сайлау;
✅ Кәсіподақ ұйымының мүшелерін сайлау;
✅ Ревизиялық комиссия өкілдерін сайлау.
Кәсіподақ есебінен:
Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді:
🔹 Атаулы мерекелерде кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтар табысталды;
🔹 «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған қызметкерлердің балалары мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді;
🔹 Қызметкерлер сауықтыру орындарына жолдамалармен қамтамасыз етілді;
🔹 Мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу үшін абонементтер берілді;
🔹 Еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Ұзақ жылдар бойы кәсіподақ ұйымына басшылық етіп, кәсіпорында кәсіподақ органын құру мен дамытуға, жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға зор үлес қосқан Хасенов Айдос Қонысбекұлының еңбегі жоғары бағаланып алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Конференция нәтижесінде Рахимжанова Индира Кайртаевна кәсіподақтың жаңа төрайымы болып сайланды.
Жаңа көшбасшыға сәттілік тілейміз! Кәсіподақ ұйымының жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.





