КӘСІПОРЫННЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

«ELORDA ECO SYSTEM» ШЖҚ МКК – Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарда коллекторлар мен нөсер кәріз жүйелерін пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жаңғыртуға жауапты маңызды кәсіпорын.

Кәсіпорынның басты міндеттері:

​Астана қаласы бойынша толықтай нөсер кәріз желілерін күтіп ұстау;

-​ Нөсер ағындары мен жер асты суларының жиналуын және бұрылуын қамтамасыз ету;

​Нөсерлік және дренаждық кәріздер, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету;

​Инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету арқылы тұрғындар мен кәсіпорындардың жайлылығы мен әл-ауқатын арттыру кіреді.

Кәсіпорынның 2024 жылы атқарған жұмыстары:

10 285 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;

140 835 метр құбыр жуылды;

992 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;

теңгерімдегі нысандардан 5355 тонна лай мен қоқыс шығарылды;

674,5 шақырым магистральды коллекторлар мен жаңбыр, дренаж және нөсерлік кәріз желілері күтіп ұсталды;

18 тазарту нысаны, 1 су жинақтаушы тоған мен 118 дана сорғы станциясы тұрақты жұмыс істеп тұр.

«ELORDA ECO SYSTEM» - Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін 24/7 режимде жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар