БӘРІ ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН
БӘРІ ЖАЙЛЫ ОРТА ҮШІН
Астана - еліміздің жүрегі әрі миллиондаған тұрғындар мен қонақтардың сүйікті мекені. Бас қаланың таза, жайлы және қауіпсіз болуы – күн сайын үлкен еңбектің арқасында жүзеге асады. «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорнының қызметкерлері бұл жауапты істі үздіксіз, тәулік бойы атқаруда.
Кәсіпорын жыл басынан бері:
9903 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбырларды тазартты;
Ұзындығы 126 685 метр құбырларды жуды (оның ішінде соңғы 3 айда жуылған құбырдың ұзындығы 66 657 метр);
863 дана қорғаныш торларын орнатып, ауыстырды;
Теңгерімдегі нысандардан 3939 тонна лай және қоқыс шығарды (оның ішінде соңғы 3 айда 2650 тоннасы шығарылды);
Ұзындығы 674,5 шақырым магистральды коллекторлар, жаңбыр, дренаж және нөсерлік канализация желілерін күтіп ұстауға қызмет көрсетуде.
