⭐️Өнегелі шаңырақ, кәсіби маман⭐️
⭐️Өнегелі шаңырақ, кәсіби маман⭐️
“Elorda Eco System” кәсіпорнының басшылығы өз қызметкерлерін әрдайым мақтан тұтып, олардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше көңіл бөледі. Осы орайда, 16 наурыз – «Шаңырақ» күні қарсаңында кәсіпорын қызметкері, арнайы техника жүргізушісі Дәулет Тұрсынбайұлы Байқабылдың отбасына кәсіпорын қызметкерлері мен жергілікті кәсіподақ ұйымы арнайы барып, құттықтау лебіздерін жеткізді.
Дәулет Тұрсынбайұлы – өз ісіне адал, жоғары білікті маман, жауапкершілігі мол қызметкер. Сонымен қатар, ол – 8 баланың ардақты әкесі, отбасы құндылықтарын жоғары қоятын өнегелі жан. Әңгіме барысында әріптесіміз ұл-қыздарының сабақ үлгерімі жақсы екенін және олардың үлкендерге қолғанат болып өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті.
“Elorda Eco System” ұжымы әріптесіміздің шаңырағына шаттық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейді!