ҰЛТТЫҚ КИІМ ӘРДАЙЫМ ТРЕНДТЕ!

ҰЛТТЫҚ КИІМ ӘРДАЙЫМ ТРЕНДТЕ!

Құрметті Қазақ елі! Қадірлі Отандастар!

Бүгін – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше күн! 18 наурыз – Ұлттық киім күні құтты болсын!

Бұл мереке – ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраның, қазақ халқының сән-салтанаты мен мәдени байлығының айқын көрінісі. Ұлттық киім – тек сән емес, ол тарихымыздың, дәстүріміздің және рухани болмысымыздың ажырамас бөлігі.

Шапан, камзол, сәукеле, тымақ – барлығы да халқымыздың шеберлігі мен даналығының көрінісі. Осы тамаша мерекеде әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен амандық тілейміз!

Ұлттық құндылықтарымызды бірге ұлықтап, дәріптейік!

#elordaecosystem #astana #ұлттықкиім #наурыз #наурызнама

Барлық жаңалықтар