Наурыз – бірлік пен берекенің мерекесі! 🌿🎉
Бүгін “Elorda Eco System” кәсіпорынында көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті! Кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы барша әріптестерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Шара барысында ұжым қызметкерлері әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төкті. Ер азаматтар өз күшін сынап, қол күресі мен гір тасын көтеру сайыстарына қатысып, мықтылар анықталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдардан дәм таттық. Көтеріңкі көңіл күй, жарқын сәттер, ынтымақ пен бірліктің нышаны болған бұл күн көптің есінде ұзақ сақталары сөзсіз!
Наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылық пен молшылық әкелсін!









