Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет!
“Elorda Eco System” кәсіпорнында басшылық пен қызметкерлердің қатысуымен мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға арналған жиналыс өтті.
Күн тәртібінде:
✅ Мемлекеттік сатып алуды дұрыс жоспарлау
✅ Техникалық ерекшеліктерді нақты әзірлеу
✅ Тауарлар мен қызметтердің сапасын мұқият қабылдау
✅ Құжаттарды веб-порталда уақытылы рәсімдеу
✅ Кепілдік мерзімдері мен сәйкестік сертификаттарын талап ету
✅ Ішкі нұсқаулықтарды өзектендіру
Бұл шаралар ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Әрбір қызметкер әділдік қағидаларын ұстанып, заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс!

