«Elorda Eco System» – адалдық пен ашықтық жолында!

«Elorda Eco System» кәсіпорнында заң талаптарын сақтау, әділдік пен ашықтық қағидаларын нығайтуға бағытталған түсіндіру шарасы өтті. Іс-шарада мемлекеттік сатып алулар, техникалық шарттар беру және сәйкестік туралы декларацияға қол қою кезіндегі ықтимал тәуекелдер талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жолдары қарастырылды.
«Таза ниет – адал қызмет!» қағидатын ұстанған кәсіпорын басшылығы барлық қызметкерлерді әділдік пен парасаттылықты басты орынға қоюға шақырды.
«Elorda Eco System» адал еңбек пен ашықтықты қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырады. Біз әділ қоғам үшін бірге күресеміз!
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер