🌿 “Elorda Eco System” ұжымы сенбілікке шықты! 🌍

Таза қала – әрбірімізден басталады! Бүгін “Elorda Eco System” ұжымы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып, сенбілік өткізді. Қызметкерлер кәсіпорын ғимаратының айналасын күл-қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Қолымызға тырма алып, әр бұрыштың таза әрі көрікті болуына күш салдық.

Біз үшін экология – жай ғана сөз емес, бұл – өмір салты! Қоршаған ортаны қорғау мен күтіп-баптау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Сондықтан сенбілікке шығу – тек тазалық шарасы емес, болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз.

Бірге атқарылған жұмыс – күш! Егер әр адам өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстаса, біз әлдеқайда жасыл әрі жайлы ортада өмір сүрер едік. Бүгінгі сенбілік – соның бір дәлелі!

Таза қала – жарқын болашақ! Сен де үлес қос! 🌱✨

#elordaecosystem #сенбілік

Барлық жаңалықтар