НАУРЫЗ АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

✅ «ELORDA ECOSYSTEM» кәсіпорны – Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізуде.

📌Наурыз айында кәсіпорын тарапынан келесі ауқымды жұмыстар атқарылды:

🔹 4 923 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;

🔹 14 994 метр құбыр жуылды;

🔹 6 556 метр құбыр буландырылды;

🔹 23 344 метр арық-науа желілері қар мен мұздан тазартылды;

🔹 40 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;

🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 189 тонна лай мен қоқыс шығарылды;

🔹 1 865 м³ қар тазарту нысандарынан полигонға шығарылды;

🔹 Су тасқыны басталғалы бері жалпы 128 358 м³ су тартылып шығарылды.

Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Барлық жаңалықтар