Телеинспекция роботының артықшылықтары

«ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны өндірістік үдерістерге заманауи технологияларды енгізу арқылы қызмет сапасын арттыруда. Соның айқын мысалы арнайы жабдықпен қамтылған «Телеинспекция көлігі».
Аталған көлік көмегімен желідік диагностика бөлімі мамандары Тұран даңғылы бойындағы нөсер кәріз желілерінің техникалық жағдайын тексеріп, тазалық деңгейін бағалады. Телеинспекция роботының бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, бұл құрылғы:
• адам өміріне қауіпті аймақтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
• автономды режимде жұмыс істеп, үлкен аумақтарды қысқа мерзімде тексереді;
• 360° шолу жасайтын камерамен жабдықталған;
• термобейнелеу арқылы ақаулар мен су ағу орындарын нақты анықтайды;
• қараңғыда көру және деректерді нақты уақыт режимінде беру мүмкіндігіне ие.
Бұл технологиялық шешімдер инженерлік желілердің жай-күйін жоғары дәлдікпен бақылауға және уақтылы техникалық шаралар қабылдауға жол ашады.
«ELORDA ECO SYSTEM» коммуналдық кәсіпорны елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруі үшін тәулік бойы қызмет көрсетуді жалғастырады.
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер