Тазалық — өз аулаңнан басталады!
🔹Бүгін “Elorda Eco System” ұжымы экологиялық айлық шеңберінде табиғатқа жанашырлық танытып, сенбілікке шықты. Бұл — тек қоқыс жинау емес, бұл — экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы нақты әрекет!
🚜🌊Қызметкерлер мекеме айналасын күл-қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді. Арнайы техника көмегімен кәсіпорын алаңында шаңды басу үшін су шашылып, сыпырылды.
⭐️Мұндай бастамалар ұжымның бірлігін арттырып, әр адамның табиғатқа деген жауапкершілігін оятады. Өйткені табиғат — бәрімізге ортақ құндылық!
#elordaecosystem #astana #тазақазақстан #сенбілік