Бірлік пен жанашырлық – ұжымымыздың басты құндылығы!

Ақмола облысы, Біржан сал ауданында орын алған су тасқынына қарсы күреске “Elorda Eco System” кәсіпорны бейжай қарамай, өз үлесін қосып, көмекке арнайы техника мен білікті мамандарын жіберді. Төтенше жағдай кезінде кәсіпорын атынан ерікті ретінде атсалысып, шынайы жанашырлық пен азаматтық жауапкершілік танытқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!
Қиын-қыстау сәтте ештеңеден тайсалмай, алдыңғы шепте жүрген “Elorda Eco System” кәсіпорнының апаттық-қалпына келтіру слесарлары Ердібек Болатбек Болатбекұлы мен Бейсен Нұрислам Есімбекұлына, сондай-ақ арнайы техника жүргізушісі Абеев Нурлан Амантаевичке кәсіпорынның бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан алғыс хаттар табысталды.
Ел басына күн туған шақта кәсіпорын басшылығы бейжай қалмай, нақты іспен көмек көрсетіп, өзінің жауапты ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Сондай-ақ арнайы техника жүргізушісі Төлегенов Ешмұхамбет Қайроллаұлын 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Жарты ғасырлық белес – бұл өмір жолындағы айтулы кезең. Осыған орай кәсіпорын мен жергілікті кәсіподақ ұйымы атынан құрмет хат пен 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы табысталды.
Осындай жанашыр, еңбексүйгіш әрі жауапкершілігі жоғары мамандар – біздің командамыздың алтын қоры екенін зор мақтанышпен атап өтеміз!
#elordaecosystem #кәсіпорынмақтаныштары
#астана
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер