16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні

Құрметті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері!

Сіздерді 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қала тіршілігінің тынысы – сіздердің күнделікті ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Сапалы қызмет көрсету, тазалық пен тәртіпті сақтау, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз – зор құрметке лайық.

«Elorda Eco System» ұжымы атынан осы мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, қажыр-қайрат пен кәсіби табыс тілейміз! Еңбектеріңіз әрқашан ел игілігіне айнала берсін!

Құрметпен,

Астана қаласы әкімдігінің

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК

Барлық жаңалықтар