САЛА МАМАНДАРЫ АРДАҚТАЛДЫ

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні. Аталған кәсіби мереке қарсаңында «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметкерлері ерекше құрметке ие болды.
Елорда тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында қолайлы орта қалыптастырып, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарына кәсіпорын бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» қалалық филиалының атынан үздік қызметкерлерге құрмет грамоталары берілді.
Салалық кәсіподақ тарапынан арнайы техника жүргізушісі Абеев Нұрлан Амантайұлы «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл – күн-түн демей еңбек етіп жүрген сала майталмандарына көрсетілген лайықты құрметтің бір көрінісі.
Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жана берсін!
#elordaecosystem #astana
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7Gallery image 8Gallery image 9Gallery image 10Gallery image 11Gallery image 12
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер