ТИІМДІ БАСҚАРУ МЕН САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
Бүгін «Elorda Eco System» кәсіпорнында кәсіби құзыреттілікті арттыру, қызмет сапасын жақсарту және ішкі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ауқымды оқыту семинары өтті.
Семинар барысында кәсіпорын қызметіндегі өзекті екі мәселе талқыланды:
1️⃣ Азаматтардың өтініштерімен сапалы жұмыс – басты назарда
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркелетін тұрғындардың арыз-шағымдарын уақытылы және сапалы қарау – әр қызметкердің тікелей міндеті.
Бұл бағытта Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасының ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес қабылданатын шаралар таныстырылды.
Спикерлер – Құжаттамалық қамтамасыз ету және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Б. Бектемисова және заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Асылбек – өтініштермен жұмыстағы жүйелі кемшіліктерді атап өтіп, оларды жою жолында нақты іс-шаралар мен жол картасын ұсынды.
2️⃣ KPI жүйесін енгізу – әділ әрі нәтижеге бағытталған бағалау тетігі
KPI (Key Performance Indicators) – қызметкерлердің жұмыс нәтижесін нақты көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік беретін заманауи жүйе.
Бұл жүйе еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділікке бағытталған жұмыс жасауға және әділ бағалауға негізделген.
Аталған тақырып бойынша баяндамалармен бас директордың орынбасары Ф. Хамидулла мен жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы Ж. Султанова сөз сөйлеп, жүйенің құрылымы, бағалау критерийлері мен кезеңдері туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Семинарға кәсіпорынның басшылық құрамы мен қызметкерлері толық қатысты.
Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Бұл семинар – кәсіпорын қызметіндегі жаңашылдықты енгізу мен тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.





