⚽️🏆 ФУТЗАЛДАН Б.САТТАРХАНОВ КУБОГЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды. Осы атаулы жыл аясында елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде футзалдан Сидней олимпаиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов кубогы үшін ауқымды жарыс өтуде.
Жарысқа іріктелген 20 үздік құрама қатысуда. Солардың арасында «Elorda Eco System» кәсіпорнының қызметкерлерінен құралған құрама да бар. Жігіттеріміз алаңда нағыз командалық рухты көрсетіп, өз тобында шебер ойын өрнегін көрсетуде.
Бұл — «Elorda Eco System» ұжымының бұқаралық спортты қолдауға, салауатты өмір салтын ұстануға және ұйымшылдықты нығайтуға деген зор ықыласын білдіреді.