«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына CNP маркалы сорғылардың жұмыс істеу тәртібі таныстырылды

«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК мамандарына CNP маркалы сорғылардың жұмыс істеу тәртібі таныстырылды
Кәсіпорын қызметкерлері үшін тұрмыстық, кәріздік және екі жақты тарту мүмкіндігі бар CNP маркалы сорғылардың құрастыру, жинақтау және жұмыс істеу тәртібі бойынша оқыту өткізілді.
Аталған сорғыларды жеткізуші – «Альянс ПроектСтрой Сервис» ЖШС. Серіктестіктің техникалық директоры мен өкілдері сорғы станциясы және тазарту құрылыстарының пайдалану қызметі мамандарына сорғы жабдықтарының құрылымы мен техникалық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, практикалық кеңестер берді.
Бұл оқыту сорғы жабдықтарын тиімді пайдалану мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер