Мерейлі 60 жас!
«Elorda Eco System» ұжымы арнайы техника жүргізушісі Қаратаев Жарылқап Кенжебайұлын 60 жасқа толған мерейлі жасымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл жас – өмірлік тәжірибе мен даналықтың, табандылық пен толысқан еңбектің белгісі. Жарылқап Кенжебайұлы өз ісіне адал, тәртіпті, еңбекқор маман ретінде ұжымда зор құрметке ие. Оның жылдар бойғы тынымсыз еңбегі мен жауапкершілікке толы қызметі баршамызға үлгі.
Осы атаулы күні кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан Құттықтау хатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев табыстап, Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды.
Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, тәжірибесі мол мамандар – біздің ұжымның алтын қоры, баға жетпес байлығы!


