“Elorda Eco System” қиын шақта қолдау көрсетті

Елімізге түскен ауыр сын сағатта әрбір игі іс — шынайы патриотизмнің көрінісі.
“Elorda Eco System” ұжымы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданындағы су тасқыны зардаптарын жою жұмыстарына қолдау көрсету үшін арнайы көмек жіберді.
Атап айтқанда, Қызылжар ауданындағы төтенше жағдайға 1 бірлік манипулятор техникасы, кәсіпорынға тиесілі сағатына 800 текше метр су айдай алатын мотопомпа және “Астана Су Арнасының” 1000 текше метрлік қуатты мотопомпасы жөнелтілді.
Кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлы мен басшылық құрам тасқынмен күресуге аттанған қызметкерлерімізді салтанатты түрде шығарып салып, оларға сәттілік пен жігер тіледі.
Осындай сын сағатта жұдырықтай жұмыла білген әріптестеріміздің ерлігі мен жанашырлығына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Біргеміз — мықтымыз!
#elordaecosystem #сутасқынынақарсы
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер