☘️✅“Elorda Eco System” ұжымы жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты

“Elorda Eco System” кәсіпорны Астана қаласындағы жалпықалалық сенбілік жұмыстарына белсенді түрде атсалысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады.

Сенбілік барысында кәсіпорынның 5 негізгі учаскесінде ауқымды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

Жетiген көшесі бойында (Алаш тасжолынан А. Пушкин көшесіне дейін),

Кәсіпорынның өндірістік базасында,

Тазарту ғимараттары мен сорғы станцияларының аумақтарында,

Қала аумағындағы нөсерлі кәріз жүйелерінде.

Іс-шараға “Elorda Eco System” кәсіпорнының 347 қызметкері белсенді қатысты.

Сенбілік нәтижесінде:

Жетiген көшесі бойынан 1 тоннадан астам қоқыс жиналды;

Кәсіпорын аумағынан 15 м³ (шамамен 4 тонна) тұрмыстық қалдықтар шығарылды;

Тазарту ғимараттарынан 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды;

Сорғы станциялары аумағынан 1,8 тонна қатты қалдықтар жиналды;

Нөсерлі кәріз жүйелерінен 1 тоннадан астам қоқыс жиналды.

“Elorda Eco System” ұжымы қаланы көркейтуге, табиғатты қорғауға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса отырып, қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Тазалық — әрқайсымыздан басталады!

#ElordaEcoSystem #ТазаҚазақстан #Жалпықалалықсенбілік #Сенбілік #Субботник

Барлық жаңалықтар