Астана қалалық мәслихатының депутаттары «Elorda Eco System» кәсіпорнының жұмысымен танысты

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған VIII шақырылым депутаттары мен Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Амангелдіұлы Сыздыков «Elorda Eco System» коммуналдық кәсіпорнына арнайы келді.
Іс-шара барысында кәсіпорынның бас директоры Жаваров Бейбіт Болатұлы делегацияны мекеменің негізгі бағыттарымен, өндірістік әлеуетімен, еңбек ұжымының жетістіктерімен және материалдық-техникалық базасымен кеңінен таныстырды. Қонақтар өндірістік аумақты аралап, арнайы техникалардың көрсетілімін тамашалады.
Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда:
* 674,5 шақырым нөсерлік кәріз жүйесі күтіп-бапталуда;
* Кәсіпорын теңгерімінде 118 сорғы станциясы және 18 тазарту құрылысы жұмыс істейді;
* Су тасқынының алдын алу шаралары аясында «Тұран» БКНС нысанында 8 жаңа сорғы қондырғысы орнатылды.
Өндірістік база таныстырылымынан кейін мәжіліс залында презентациялық слайд арқылы мекеме қызметінің негізгі нәтижелері баяндалды. Ашық форматтағы диалог барысында депутаттар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Өзекті мәселелер мен ұсыныстар ортаға салынып, оларды шешудің тиімді жолдары бірлесе қарастырылды.
Халық қалаулыраның бұл сапары коммуналдық инфрақұрылымның дамуына және салааралық ынтымақтастықтың нығаюына өз септігін тигізді.
#elordaecosystem #astana #елорда #мәслихат #халыққалаулылары #депутат
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер