Күн сайын көрінбейтін күрес
Жаңбыр жауса, қала тынысы тарылмай, жайлы өмір жалғасуы үшін бір топ маман күн сайын көзге көрінбейтін, бірақ аса жауапты жұмысты атқарып жүр. Бұл – «Elorda Eco System» қызметкерлерінің еңбегі.
Қала бойынша 675 шақырымнан астам нөсерлі кәріз жүйесі – біздің жауапкершілігімізде. Таңғы сағат 6-дан бастап мамандарымыз «Camel», «Volvo», «Крот» сияқты заманауи техникамен жабдықталып, нөсер қабылдағыштар мен коллекторларды лай мен қоқыстан тазартады. Әр түтік, әр тор – елорданың тыныс алу жүйесі секілді.
Бұл жұмыстың мақсаты – су бұру жүйесінің еш қиындықсыз әрі үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасау.
Біздің міндет - елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта сыйлау!
«Elorda Eco System» қызметкерлері — қала жүрегінің тынысын ашатын құбыр ішіндегі қаһармандар!
#elordaecosystem #astana