Батырлық — жүректе!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында “Elorda Eco System” кәсіпорнының нәзік жанды әріптестері ер азаматтарды ерекше ықыласпен құттықтады!
Күнделікті еңбекте тынымсыз тер төгіп, кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген әрбір жүргізуші мен слесарьдан бастап, басшылық құрамға дейін – барша азаматтарға жылы лебіз айтылып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Бұл — тек сыйлық емес, құрметтің, ризашылықтың белгісі!
Отанға адал қызмет ету – тек әскерде емес, өз ісіңе деген жауапкершіліктен басталады.
Біздің батырлар – қатарымызда!
Кәсібіне адал, елжанды әріптестеріміз аман болсын!
#elordaecosystem #astana #отанқорғаушыларкүні #7мамыр