Тыл ардагерлері мерейтойлық медальмен марапатталды

Соғыстың сұрапыл жылдарында қолына қару алмаса да, тылдағы табанды еңбегімен Жеңіске үлес қосқан азаматтардың ерлігі ерекше. Олар – таңнан кешке дейін тынымсыз жұмыс істеп, майдан даласындағы жауынгерлерге сенімді тірек болған еңбек ерлері. Бүгінгі бейбіт күн сол жандардың маңдай тері мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Олардың еңбегі – ел есінде, ерлігі – ұрпаққа өнеге. Осы үнсіз ерліктің иелерін құрметтеу – біздің перзенттік парызымыз.
Осыған орай, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК қызметкерлері елордадағы тыл ардагерлерін Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл” мерейтойлық төсбелгісін табыстады.
Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет – өшпес ерлік пен еңбектің бағалануы. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!
#elordaecosystem #ардагерлер #80жылжеңіске
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5Gallery image 6Gallery image 7Gallery image 8Gallery image 9
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер