7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Отан қорғау – қасиетті парыз, ал елге адал қызмет ету – ең үлкен абырой.
«Elorda Eco System» ұжымы барша ер-азаматтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен елге деген адалдықтарыңыз – мемлекетіміздің тыныштығы мен дамуының берік тірегі.
Саналы ұрпақ тәрбиелеу мен бейбіт өмірдің бағасын арттыру жолында қосып жатқан үлестеріңіз ұшан-теңіз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбекте толағай табыс пен жарқын болашақ тілейміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі тілекпен,
Астана қаласы әкімдігінің
«Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы