Құрметті ардагерлер мен қала тұрғындары!
Сіздерді Жеңіс күнімен – бейбітшілік пен батырлықтың, ұлт бірлігі мен отансүйгіштіктің символына айналған қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтіп отырмыз. Бұл — жанын аямай жауға қарсы тұрған аталарымыз бен апаларымыздың ерен ерлігіне тағзым етіп, олардың асқан батырлығын мәңгі есте сақтайтын ерекше күн.
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы атынан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне шексіз алғыс білдіреміз. Сіздердің ерлігіңіз – болашақ ұрпақ үшін өлшеусіз өнеге, биік рухтың жарқын көрінісі.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміз аман, аспанымыз ашық болғай!
Құрметпен,
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы