Құрметті аналар!
Сіздерді Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – өмірдің алтын тірегі, мейірім мен махаббаттың шексіз қайнары. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен жылы жүректеріңіз әр шаңыраққа шаттық пен тыныштық сыйлайды. Қоғамның дамуы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесінде Сіздердің үлестеріңіз зор.
“Elorda Eco System” ұжымы атынан әр анаға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр және сарқылмас қуаныш тілейміз! Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз әрдайым қуаныш пен махаббатқа бөленсін!
Аналар күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Астана қаласы әкімдігінің
“Elorda Eco System” ШЖҚ МКК ұжымы