ЖЫЛ БАСЫНАН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

✅ «ELORDA ECO SYSTEM» кәсіпорны – Астана қаласының су бұру жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жүргізуде.

📌Жыл басынан кәсіпорын тарапынан келесі ауқымды жұмыстар атқарылды:

🔹 8769 дана су ағызу және нөсер суын қабылдайтын құбыр тазартылды;

🔹 72 624 метр құбыр жуылды;

🔹 85 310 метр арық-науа желілері тазартылды;

🔹 614 дана қорғаныш торлары орнатылып, ауыстырылды;

🔹 Кәсіпорын теңгеріміндегі нысандардан 2039 тонна лай мен қоқыс шығарылды;

🔹 22,7 км желілер телеинспекция автолобаротриясымен тексерілді.

🔹 Су тасқыны басталғалы бері жалпы 660 448 м³ су тартылып шығарылды.

Кәсіпорын алдағы уақытта да су бұру инфрақұрылымының тиімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Барлық жаңалықтар