«Elorda Eco System» ұжымы мерейлі жасқа толған әріптестерін шын жүректен құттықтады!

Тазарту құрылысын пайдалану қызметінің операторы Сүлейменов Темирхан Абдельманович – 63 жас зейнеткерлік мерейлі жасқа жетіп, өз саласына сіңірген еңбегімен ұжымның зор құрметіне бөленген. Табанды еңбегі мен адалдығы – баршамызға үлгі. Еңбектің нағыз үлгісі болған маманға кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан Еңбек ардагері» төсбелгісі мен алғыс хатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.
Сондай-ақ, Кәсіпорын басшылығы атынан мерейлі 60 жасқа толған «Алматы» ауданы нөсерлі кәріз жүйесінің апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесары Алданов Женис Рамазанович пен мерейлі 50 жасқа толған кезекші электромонтер Габдрахов Жангельды Бахытовичке де Құттықтау хат табысталды.
Айта кетсек, үш қызметкерге Кәсіпорын Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды.
Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, тәжірибесі мол мамандар – біздің ұжымның алтын қоры, баға жетпес байлығы!
Құттықтаймыз, сіздерге мықты денсаулық пен бақыт тілейміз!
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4Gallery image 5
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер