31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Бүгін – халқымыздың тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн – мыңдаған жазықсыз жандардың азапты тағдырын еске алу, оларды мәңгі есте сақтау күні.
Астана қаласы әкімдігінің “Elorda Eco System” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұжымы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына тағзым етеді. Еліміздің егемендігі мен бірлігін сақтау жолында аянбай еңбек еткен барлық аға буын өкілдеріне алғысымыз шексіз.
Бабалар аманатын, тарих тағылымын ұмытпай, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту – баршамыздың борышымыз.
Ұрпақтарымыздың санасында әділдік пен азаттықты қастерлейтін рухты сақтай білейік!
