Су тасқынының алдын алу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде

🌧️ Қала тұрғындарының жайлылығы үшін «Elorda Eco System» мекемесі «Нұра» ауданы, Ұлы Дала даңғылы бойында орналасқан №3/3 тазарту құрылысы нысанының аумағында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

📍 Аталған жобаның аясында:

▪️ Диаметрі 1000 мм болатын апаттық ағызу коллекторы төселуде;

▪️ 4 сорғыға арналған жаңа жинақтау камерасы салынуда;

▪️ Диаметрі 315 мм болатын екі құбыр тартылды;

▪️ Екі апаттық сорғы орнатылды.

🚧 Бұл жұмыстар «Есіл» және «Нұра» аудандарындағы нөсерлі кәріз жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, қатты жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.

✅ Бұл – қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадам

#elordaecosystem #astana #ливнёваясистема

Барлық жаңалықтар