ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНА ПЛОМБЫ ҚОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

🔧 Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі тазарту құрылыстарында орналасқан су есептеу құралдарына “Есіл бассейндік инспекциясы” РММ мамандары пломба орнату жұмыстарын жүргізді.

✅ Бұл шаралар:

▪️ су ресурстарын тиімді және мөлдір бақылауды қамтамасыз ету;

▪️ су есептерінің дәлдігін арттыру;

▪️ су нысандарын заң талаптарына сәйкес пайдалануды бақылау мақсатында жүзеге асырылды.

📍 Аталған жұмыстар кәсіпорын мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл аясында, бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылды.

#elordaecosystem #astana #тазартуқұрылысы #очистныесооружения

Барлық жаңалықтар