НӨСЕР КӘРІЗІ: КҮНДЕЛІКТІ ЕҢБЕК, СУ ТАСҚЫНЫНА ТОСҚАУЫЛ
Астанада жауыннан кейін көшелерді су баспау үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандар бар. Олар – «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК-ның мамандары.
Көзге көрінбейтін майданның жауынгерлері — «Нұра» ауданындағы Тұран даңғылы бойында орналасқан диаметрі 1000 мм болатын магистральды нөсер коллекторын «Camel» арнайы техникасымен тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, нөсерқабылдағыштар да лай мен қоқыстан тазартылуда
. Бұл — жауын суының өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупінің алдын алуға бағытталған маңызды шара.
Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін осындай жұмыстар жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіледі.

