СУ КОЛЛЕКТОРЫ «ЖҮК ТАРТҚЫШ» ӘДІСІМЕН ТАЗАРТЫЛУДА
💧Қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Elorda Eco System» кәсіпорыны өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.
🔹 Қазіргі уақытта «Алматы» ауданының Индустриялық парк аумағында, Кендірлі көшесінің бойында орналасқан диаметрі 500 мм су жеткізу коллекторы лай мен қатты қалдықтардан тазартылып жатыр.
🛠️ Тазарту жұмыстары арнайы механикалық «жүк тартқыш» (лебедка) әдісімен жүргізілуде. Бұл тәсіл құбыр ішіндегі шөгінділерді тиімді жоюға мүмкіндік береді.Аталған шаралар нөсерлі кәріз желілерінің өткізгіштік қабілетін арттырып, жауын-шашын кезіндегі су басу қаупінің алдын алуға бағытталған.
#elordaecosystem #astana #елорда #лебедка