ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Elorda Eco System» ұжымы 63 жасқа толған ардақты әріптестерін құттықтады!

«Нұра» ауданы нөсерлі кәріз жүйесін пайдалану қызметінің апатты жұмыстарды қалпына келтіру слесары Магфор Толбохан мен арнайы техника жүргізушісі Ахметжанов Мальгаждар Абугалиевич зейнеткерлікке абыроймен жетіп, өз саласындағы қажырлы еңбектерімен ұжымның зор құрметіне бөленді.
Өз ісіне адал, табанды, тәжірибелі мамандарға Кәсіпорын басшысы Жаваров Бейбіт Болатұлының атынан «Еңбек ардагері» төсбелгісі мен алғыс хаттар табысталды. Марапатты бас директордың бірінші орынбасары Марат Марқабаев салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар, ардагерлерімізге Кәсіпорын Жергілікті кәсіподақ ұйымы тарапынан 15 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы ұсынылды.
Осындай жанашыр, кәсібіне берілген, білікті мамандар – біздің ұжымның алтын қоры мен баға жетпес байлығы!
Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілейміз!
#elordaecosystem #мерейліжас #63жас
Gallery image 1Gallery image 2Gallery image 3Gallery image 4
Кәсіпорынның заңды мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жетіген көшесі, №24
+7 (7172) 918-453 - Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 918-819 - Орталық диспетчерлік қызметі
elordaecosystem@mail.ru
Біздің әлеуметтік желілер