“МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!”

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қаласында түрлі сала өкілдері арасында шығармашылық байқау өтті.

«Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты ән сайысы – мамандық иелерінің тек кәсіби ғана емес, өнердегі де шеберлігін паш етуге мүмкіндік берген тамаша алаң болды!

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен «Жастар сарайы» МКҚК жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Байқауға әртүрлі мекемелерден 30-ға жуық үміткер қатысып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізді.

Осы сайыста «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК атынан қатысқан желілік диагностикалау бөлімінің инспектор-қадағалаушысы – Олжас Калиев

өзінің ерекше орындау шеберлігімен жүлделі III орын иеленіп, кәсіпорын абыройын асқақтатты!

Әріптесімізді кәсіпорын атынан шын жүректен құттықтаймыз! Олжасқа шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!

#elordaecosystem #astana #жұмысшымамандықтаржылы

Барлық жаңалықтар