Астана күні құтты болсын!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің жүрегі, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы — Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана — ұлт рухының символы, өркендеу мен жаңғырудың айқын көрінісі. Елордамыз – Орталық Азиядағы ең көрікті, заманауи және қарқынды дамып келе жатқан шаһарлардың бірі.
Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК ұжымы
