КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы әкімдігінің қолдауымен коммуналдық сала қызметкерлері арасында шағын футболдан достық турнирі ұйымдастырылды.

🔹 Турнирге елорданың инфрақұрылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген алты ірі кәсіпорынның командалары қатысты:

🔸 «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК

🔸 «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК

🔸 «Астана-АЭК» АҚ

🔸 «Астана-Жылу транзит» АҚ

🔸 «АстанаТазалық» ЖШС

🔸 «Астана-Көгалдандыру» АҚ

🌟 Тартысты өткен додада «Elorda Eco System» құрамасы шеберлік пен ұйымшылдық танытып, IV орынды қанжығасына байлады!

🥉 Үшінші орын үшін таласта, өкінішке қарай, пенальти сериясында сәттілік жетіспей қалды.

👏 Турнирдің “ҮЗДІК ҚАҚПАШЫСЫ” атағы біздің мақтанышымыз –Бозтаев Ғалымжанға бұйырды!Ол – «Elorda Eco System» кәсіпорнының «Байқоңыр» ауданы нөсерлі кәріз жүйесін пайдалану қызметінің тәжірибелі слесары.Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «Байқоңыр» ауданы әкімдігіне алғысымыз шексіз!

🏆 Бұл турнир – тек спорт емес, еңбек адамын ұлықтау мен ұжымдық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды. Бұқаралық спортты дамыту – салауатты қоғамның кепілі!

Барлық жаңалықтар