Су басудан қорғау шаралары
Жаңбыр мен еріген қар суларының жиналуын болдырмау — қаламыз үшін маңызды мәселе. Осы мақсатта «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК жөндеу-құрылыс учаскесінің мамандары нөсерлі кәріз жүйелерін жақсарту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Т.Рысқұлбеков көшесіндегі бірнеше тұрғын үйде жер асты суларының көтерілуі және жауын-шашын мөлшерінің көбеюі салдарынан тұрғындарға елеулі қолайсыздықтар туындаған еді. Осы мәселені шешу мақсатында, «Elorda Eco System» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен Алматы ауданы әкімдігі бірлесіп, нөсер суларын бұру жұмыстарын қолға алды. Атап айтқанда, тұрғын үйлердің маңынан магистральды жүйеге дейінгі аралыққа ұзындығы 150 метр, диаметрі 200 мм болатын су бұру құбыры тартылды.
Бұл жаңбыр суларының тиімді ағуын қамтамасыз етіп, су басу қаупін төмендетеді.
Елорда тұрғындары үшін жайлы орта жасау — біздің басты міндетіміз!
